Адамдардың өмірін сақтап қалу мақсатында, 2018-2022 жылдар аралығында Райымбек ауданының әкімшілігімен 806 дана көмірқышқыл иіске дыбыс шығаратын дербес (автономный) датчигі алынып, ауданымыздағы әлеуметтік тұрғыда осал тобтағы тұрғындардың уйлеріне орнатылды.

https://www.instagram.com/reel/CleAfCJojU3/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Адамдардың өмірін сақтап қалу мақсатында, 2018-2022 жылдар аралығында Райымбек ауданының әкімшілігімен 806 дана көмірқышқыл иіске дыбыс шығаратын дербес (автономный) датчигі алынып, ауданымыздағы әлеуметтік тұрғыда осал тобтағы тұрғындардың уйлеріне орнатылды.
Орнатылған датчиктер, пештен шыққан ыстың иісіне дыбыс шығарады. Аталған датчиктер батарейкалармен жұмыс істейді.
ТҰРҒЫНДАРҒА ЕСКЕРТПЕ:
— Датчиктердің батарейкалары біткен жағдайда, уақытылы ауыстыруды;
— Балалардың қолы жетпейтін жерге орнатуды;
— Датчикті алып тастамауды сұраймыз.
Қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарамаңыздар !

Жылыту маусымы кезінде: Пешті және мұржаны тазалау, жөндеу және одан шыққан түтіннен пайда болған қара жарықты байқау үшін әкпен ағарту керек. Мұржаны тексерген кезде түтін тартуына және бітелістің жоқтығына, тығыздығына аса мән беру керек. Пешті салу және жөндеу жұмыстарымен тек мамандар айналысқаны дұрыс.

2. Пешті салған кезде ағаш қабырғаға немесе конструкцияға жақын тұрмауын қадағалау керек. Олардың арасы бос қалғаны дұрыс. Оттықтың алдындағы ағаш еденге өлшемі 50 * 70 см кем емес темір табақ (оттық) қағу керек.

3. Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және кішкентай балаларға тапсыруға болмайды.

4. Пешті жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықты қолдануға болмайды.

5. Пеш қатты қызып кетпес үшін оны бір жарым сағаттан аспайтын уақыт және күніне ек-үш рет жағу керек.

6. Пешті ұйықтар алдында үш сағат бұрын сөндірген дұрыс.

7. Жарық пайда болмас үшін, мұржада жиналып қалған күлді жүйелі түрде тазалап тұру қажет. Үш айда бір рет күлді тазалау үшін арнайы маман шақырған абзал.

8. Дымқыл ағаш пен киімдерді пеште кептіруге болмайды.

9. Жиһаз, перделер жанып жатқан пештен бір жарым метр алыста тұруы керек.

10. Пешке оттыққа сыймайтын ұзын ағаштарды салуға болмайды. Себебі пештің аузынан шоқ түсіп, соңы өртке ұласуы мүмкін.

11. Қыста мұржаның бітеліп немесе қатып қалуына жол бермес үшін айына бір рет мұржаның бас жағын тексеріп отыру қажет.