Бүгін аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы ауданның жеке және заңды тұлғаларымен жоспарлы жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдау барысында аудан тұрғындары тұрғын үй, ауылшаруашылығы мақсатындағы жер теліміне қатысты, жылжымайтын мүлікті заңдастыру, жұмыспен қамту мәселелері бойынша өтініштер білдірді. Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті ауылдық округ әкімдері мен мекемелерге тапсырмалар берді.