Б.Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесі өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы арнайы қатысты. Шара барысында Нұрбол Сағатбекұлы мереке иелеріне ақжарма тілектерін білдіріп биылғы жылы "Ең үздік әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі" деп танылған "Райымбек ауданы әкімінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ - не Алматы облысы әкімінің сертификатын табыс етті.
Сонымен қатар аталған сала бойынша бірқатар мамандарды Алматы облысы әкімінің және аудан әкімінің құрмет грамоталарымен марапаттады. Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламаларымен қорытындыланды.
Әлемге жылулық күннен тарайтын болса, адамзатқа жүректен тарайды.
Ерекше күтімге және ерекше көңілге мұқтаж жандарға өздерінің жылы жүректерін арнап жүрген әлеуметтік қызмет көрсету саласының мамандарын айтулы мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!