"Бүркіт" отын - энергетикалық компаниясының басшысы Ләззат Қайсарқызы көмірдің сапасы мен оның қалай өндіріліп, қазып алынатыны жөнінде мағлұмат берді. Жұмысшылардың жатақханасы, олардың еңбек шарты, қауіпсіздігі туралы сөз қозғалды. Өз кезегінде кен орнын меңгеріп , жұмыс жүргізіп отырған “Бүркіт” отын - энергетикалық компаниясы да алдағы жоспарларымен бөлісті.