Бүгін аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы Кіші Қақпақ өзенінің бойынан салынып жатқан су электр станциясының құрылыс жұмыстарымен танысып шықты. "Қонаев и Компания" компаниясы қолға алған бұл құрылыс нысаны ауданымызға тартылған инвестициялық жобалардың бірі. Кешегі Қақпақ ауылы тұрғындарымен өткен кездесуде ауыл тұрғындары, Кіші Қақпақ шатқалының жолы құрылыс себептерінен тарылып бара жатқаны туралы аудан әкімі Берік Фатықұлына өтініш жасаған болатын. Бүгін Берік Фатықұлы осы көтерілген мәселе бойынша құрылыс алаңына келді. Барлығын толығымен көріп шықты. Компания өкілдеріне бірқатар ескертулер жасап, жол мәселесін назардан тыс қалдырмауы керектігін қатаң тапсырды.
Сонымен қатар аудан басшысы Берік Фатықұлы жұмыс барысымен "Еламан" шаруа қожалығына барды. Біздің ауданымыз ауылшаруашылығы мақсатындағы аудан болғандықтан, ауылшаруашылығына ерекше көңіл бөлінеді. Аталған шару қожалық иесі Құдярбеков Нұрлан мал тұқымын асылдандыруды қолға алған. Қазіргі таңда ангус бұзаулар, арқар - меринос және кисар тұқымды қойлары бар. Аудан басшысы Берік Фатықұлы шаруа қожалық иесінің жұмысына табыс тілеп, алдағы уақытта сүтті сиырлармен де жұмыс жасаса деген ұсынысын білдірді.