
Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді жерлестер!
Сіздерді, Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен бірінші құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Биыл, 25 қазан – ұлттық мерекеге айналып, Республика күні болып бекітілді. Бұл күннің тарихы 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған күннен бастау алады. Сол сәттен бастап, егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.
Бұл Республика күні біздің жалпыұлттық мерекеміз.
Барша аудан халқын еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күні мерекесімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке тілеймін.
Құрметпен, Райымбек ауданының әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы