Бүгін Нарынқол ауылындағы Т.Жанұзақов атындағы орта мектептен "Оқу ағарту ісінің үздігі", "Ардақты ана" төсбелгілерінің иегері, ұлағатты ұстаз Бисара Тұрғынбекова атындағы сынып ашылды.

Ардақты ұстаз Бисара Тұрғынбекова саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнап шәкірттерін химия пәнінің қыр - сырына баулыды. Аталған сыныптың ашылуына мұрындық болған Бисара Тұрғынбекованың ұлы, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, ХАА академигі, Еуразия Халықаралық Ғылым академиясының академигі, физика - математика ғылымдарының докторы, Люблин техникалық университетінің құрметті профессоры, Райымбек ауданының "Құрметті Азаматы" Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы.
Айтулы шараға аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы арнайы қатысып, өскелең ұрпақтың білім сапасына айрықша үлес қосып жүрген ауданымыздың төл перзенті Мақсат Нұрәділұлына үлкен алғыс білдірді.
"Білімді ұрпақ - болашақтың алтын кілті" деген дана халқымыз. Мақсат Нұрәділұлы аталған сыныпты соңғы үлгідегі материалдық базамен жабдықтап, оқушылар сапалы білім алу үшін барлық жағдайды қарастырған. "Елім дейтін Ер болмаса, Ерім дейтін Ел қайдан болсын" деген нақыл сөз бар. Еліміздегі білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген туған жерге туын тігіп, туған өлкесіне арнап игі іс атқарып жатқан Мақсат Нұрәділұлына аудан халқының атына үлкен алғыс білдіреміз.