
Бүгін аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы аудан аумағында облыстық құрылыс басқармасы арқылы жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс нысандарын облыстық құрылыс басқармасының маманы Амренов Қуаныш Айбекұлымен бірге аралап, жұмыс барысын тексеріп шықты.
Аталған нысандардың бірқатары жұмыс кестесінен кешігуде. Сол себептен басқарма маманын ауданымызға шақырып құрылыс алаңдарына ертіп барды.
Қазіргі таңда ауданымызда облыстық құрылыс басқармасы арқылы 13 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Берік Фатықұлы осы құрылыстарға жауапты барлық техникалық қадағалаушылармен және мердігер компания өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстары кестеге сай әрі сапалы жасалуы керектігін қатаң тапсырды.