Б.Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде "Ұстаздар күні" мерекесіне орай мерекелік шара өтті.

Б.Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде "Ұстаздар күні" мерекесіне орай мерекелік шара өтті.
Бүгін Б.Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде "Ұстаздар күні" мерекесіне орай мерекелік шара өтті.
Шараға аудан басшысы Дүйсенбаев Берік Фатықұлы қатысып, ең ұлы мамандықтың иелері аяулы ұстаздарды құттықтап, шәкірт тәрбиелеу жолында үлкен жетістіктерге жеткен бірқатар ұстаздарға білім министрлігінің және облыс әкімінің құрмет грамоталарымен сый - сияпаттар табыс етті. Ардагер қарт ұстаздарымызда назардан тыс қалған жоқ. Өз кезегінде "Қамқор - 2" кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұлықпан Әбекұлыда ауданымыздың барша ұстаздарына ақжарма тілегін білдірді.
Мереке соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламаларымен қорытындыланды.