
Райымбек ауданының кәсіпкерлерімен кездесу. Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының өкілі Чункунов Қуандық Сағатбайұлы, кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Ботабекова Ляззат Қайсарқызы, аудан прокуроры Мырзабеков Алибек Хаджмуханович, аудан әкімінің м. у. а Жусанбаев Ғалым Сәлімұлы, кәсіпкерлер палатасының филиал директоры Қырғызалықызы Жаннаның, ауылдық округ әкімдерінің, Маслихат хатшысының, кәсіпкерлер бөлімінің қатысуымен ауданның кәсіпкерлерімен кездесіп, 9 қыркүйек- кәсіпкерлер күнімен құттықтап, туындаған сұрақтарға, яғни, жеңілдетілген несие, грант, жастарға арналған жеңілдіктер туралы сұрақтарға жауап берілді, мемлекеттік бағдарламалар туралы түсініктеме берілді. Осы кездесу барысында бірнеше сұрақтар шешімін тапты. Осындай кездесулерді Атамекен кәсіпкерлер палатасының алаңында жиі өткізілуі сұралды.