Бүгін Б.Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде "Қазақстан халқының тілдері күні" мерекесіне орай мерекелік шара өтті.
Қазақстан халқының тілдері күні Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен сәйкес келіп отыр, сондықтан бұл еліміз үшін қуанышты жағдай. Осындай айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Жусанбаев Ғалым Сәлімұлы арнайы қатысып мерекенің мәні жайында сөз қозғап, ақжарма тілегін білдірді. Сонымен қатар тіл жанашырларын марапаттап, аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті.
Өз кезегінде тілге ерекше құрмет көрсетіп жүрген ұстаздар да мерекемен құттықтады. Мереке соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламаларымен қорытындыланды!
Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі