
Бүгін аудандық мәдениет үйінде ұстаздардың дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.
«Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» деп аталатын конференцияға мұғалімдер, ардагер ұстаздар, жас педагогтар, қоғамдық ұйым басшылары, бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Тамыз кеңесіне аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы арнайы қатысып, барша білім беру саласының қызметкерлерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Сонымен қатар, мәдениет үйінің дәлізіндегі көрмені аралады.
Көрмеде аудан мектептерінің білім саласындағы жеткен жетістіктерді айшықтайтын робототехника, қолөнер, үздік бағдарламалар көпшілік назарына ұсынылды. Онда әр мектеп пен балабақша өздерін таныстырып, Өткен жылдың жемісті жетістіктерін баяндады.
Сондай-ақ тамыз кеңесінде ауданның үздік педагогтары мен ардагер ұстаздардың еңбегі еленіп, ҚР лқу - аүарту министірінің, облыс әкімінің және аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары тапсырылды.
Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі