Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев Райымбек ауданында қоғамдық кеңес, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Ел аманатын арқалап жүрген азамат жиын барысында кездесуге қатысушылармен ашық пікір алмасты. Осы күнге дейін айтылып жүрген мәселелерді Парламент қабырғасында көтергенін айтып, алдағы уақытта өз шешімін табатынын жеткізді. Бүгінгі кездесу барысында да өз шешімін таппай жүрген біраз мәселелер көтерілді. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ж. Жөргенбаев өңірдегі шешімін таппай қордаланып тұрған мәселелерді өзі келіп ел аузынан естіп, алдағы уақытта осы мәселелерді шешу жолында аянбай еңбек ететінін айтты. «Өскелең ұрпаққа барлық жағынан дамыған мемлекетті табыс етуіміз керек, ол үшін барлығымыз бірігіп соған ұмтылуымыз керек деді»- Сенат депутаты.