Б.Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде құрылысшылар күніне орай мерекелік шара болып өтті

Б.Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде құрылысшылар күніне орай  мерекелік шара болып өтті
Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы. Құрылысшы — адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандық.
Құрылыс индустриясы — экономиканың негiзгi iргетасы. Кез келген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты.
Міне, дәл осы мамандық иелерінің құрметіне, бүгін, Б.Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара болып өтті. Аудан басшысы Нұржан Кеңесұлы айтулы шараға қатысып, ауданымыздың даму жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан бірқатар құрылыс саласының мамандарын марапаттады. Мерекеге орай ақжарма тілегін білдірді. Ауданымыздың құрылыс саласында ерен еңбек атқарған ардагер құрылысшыларымыз кезегімен өз әріптестерін құттықтады. Мереке соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламаларымен қорытындыланды.
Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі