
Ауданымызда 5-ші сервистікдайындау орталығы құрылды.
Алматы облысы әкімдігінің ықпалымен, «Жетісу» ӘКК Алматы облысының өңірлік даму иституты Акционерлік Қоғамының қолдауымен ауданымызда жақында құрылған "Altyn - Dan" сервистік дайындау орталығына 23 ауыл шаруашылығы техникалары агрегаттарымен сатып алынған болатын. Бүгінгі күні жер өңдеу жұмыстары осы су жаңа агрегаттар күшімен жүзеге асырылуда.
Аудан басшысы Нұржан Кеңесұлы жоғарыда аталған "Altyn - Dan" сервистік дайындау орталығының бастаған жұмыстарымен танысып, шаруалармен кездесіп қайтты.
Жалпы, аталған сервистік дайындау орталығы 2000 га жер игеруді жоспарлап отыр. Ағымдағы жылы 500 га жер игеріп, күздік дәнді дақылдар егу жұмыстарын жүргізбек.
Біздің ауданымыз ауыл шаруашылығы мақсатындағы аудан болғандықтан осыған дейін ауданымызда Хантәңірі, Байынқол - 7, Ақжол, Үш Қақпақ деген 4 сервистік дайындау орталығы құрылған болатын. Қазіргі таңда бұл орталықтардың жұмыстары бір жолға қойылған.
Біздің ауданымызда құрылған 4 сервистік дайындау орталығы картоп өндірісі бағытында жұмыс жасаса, енді құрылған "Altyn - Dan" сервистік дайындау орталығы дәнді дақылдар өндірісін арттыру мақсатында құрылып отыр. Осы сервистік дайындау орталығын құруға көмек қолын созғаны үшін және жаңа техникалар алуымызға себепкер болғаны үшін Алматы облысы әкімдігіне үлкен алғыс білдіреміз - дейді орталық өкілдері.
Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі