
Көмірші ауылына жасалған іс - сапардан...
Аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы, аудан аумағындағы орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын қалған Сарыжаз - Көмірші ауылдары аралығындағы 22 шақырым болатын облыстық маңызы бар автокөлік жолын көріп қайтты . Ұзақ жылдар бойы бұл жолға жөндеу жұмыстары жүргізілмеген болатын. Қазір, заман талабына сай автокөлік жолының құрылыс жұмыстары аяқталуда.
Және де аудан басшысы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Көмірші орта мектебінің құрылысын аралап шықты. 392 балаға білім бере алатын, білім ошағының аумағы 3260 шаршы метрді құрайды. Биылғы жылы оқушыларымыз күрделі жөндеуден өткен, заман талабына сай салынған мектепте оқу жылын бастайтын болады.
Сонымен қатар жуық арада Көмірші ауылы халқына сапалы әрі заманауи үлгіде қызмет көрсету үшін аумағы 222,36 шаршы метр болатын медициналық пункт ғимаратының құрылыс жұмыстары басталады. Қазіргі таңда облыстық сатып алу басқармасы арқылы мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі