Шәлкөде ауылдық округінің Талас ауылында шағын футбол алаңы ашылды...
Жасанды жабындымен, заман талабына сай жабдықтармен жасақталған бұл шағын футбол алаңының ашылу салтанатына ауыл әкімдігі және ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен шағын командалық футбол ойыны өткізілді. Жүлде қоры 100 мыңды құрайтын, бұл тартысты ойынға, ауылдың әр жылғы түлектері команда құрып, білек түріп, белсене қатысты.
Талас ауылында бой көтерген шағын футбол алаңы - жас ұрпақтың шыңдалуына, келешекте жас футболшылардың көптеп шығуына жол ашпақ...
Ендеше, халық игілігіне берілген шағын футбол алаңы құтты болсын!!! Ауыл үшін еңбек еткен азаматтардың ісіне бақ-береке тілейміз!!!