Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай

Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай

Алматы облысы: Талғар ауданының 34 тұрғынында COVID-19 тіркелді

Пандемия басталғаннан бері және 2022 жылдың 22 шілдесіндегі жағдайы бойынша Алматы облысында КВИ-дің 34 496 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші – 2294,4 құрайды.
Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,1% - дан 0,3% - ға дейін өсті. Соңғы аптада облыста 476 жағдай тіркелсе, екі апталық көрсеткіш 766-ны құрап отыр. Соңғы тәулікте COVID-19-дың 90 жағдайы тіркелді.
Облыс өңірлері бөлінісіндегі сырқаттанушылық: Талғар ауданында – 34, Іледе – 29, Қарасай – 12, Еңбекшіқазақта – 8, Балхаш, Кеген аудандарында – 3 және Ұйғыр ауданында 1 жағдай тіркеліп отыр.