Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев, жазушы, халықаралық «Аламан» сыйлығының иегері, Қазақ ҰУ-нің рухани жаңғыру орталығының директоры Нұрғали Балтақараұлы Ораз, ақын, жерлесіміз, «Қазақ университеті» баспа үйінің бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы ауданымызға арнайы іс-сапармен келді.

Ең әуелі, келген қонақтарымыз аудан орталығы Нарынқол ауылынан бой көтеріп келе жатқан жастар саябағының құрылыс жұмыстарымен танысып шықты. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан активімен кездесуі өткізді.

Кездесуі барысында ауданымыздағы республика көлемінде шешімін табатын бірқатар мәселелер талқыланды. ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы аудан тұрғындары тарапынан көтерілген әр мәселеге өз көзқарасын білдіріп, шешімін табуға атсалысатынын жеткізді. Нұрғали Балтақарұлы мен Кәдірбек Құныпияұлыда біздің өлкенің, біздің ауданның тұрғындарының таза көңіліне алғыс білдірді. Өз кезегінде аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы, 2024 жылы 100 жылдық мерейтойы болатын жерлесіміз, жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойын республикалық көлемде атап өтсек деген пікір білдіріп, жоғарыда аталған жастар саябағына Бердібек Соқпақбаевтың есімін беру туралы ұсыныс жасады. Аудан активі Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлына және келген қонақтарға сәттілік тілеп, алғыс білдірді.

Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі