
Бүгін Баққожа Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде, халық игілігі үшін жасалып жатқан келелі істің бірі ауданымыздағы бүгінгі заман батырлары, еліміздің туын көкке желбіретіп жүрген спортшыларымызды, олардың жетістіктерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Тәңір тауының тарландары» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті.
Авторы, «Райымбек ауданының Құрметті азаматы», Республикалық «Алтын қалам» әдеби байқауының жүлдегері, «Асыл-жебе», «Мен білетін Нарынқол», «Нарынқол өңірінің тарихы» кітаптарының авторы Әкебаев Беркін ағамыз болып отыр.
Спортшыларымыздың өмірбаяны мен жеңіске толы дара жолдарын сипаттаған бұл кітаптың тұсаукесеріне аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы және бірқатар ардагер спортшыларымызбен біздің ауданымыздың даңқын асқақтатып әлемдік додаларда топ жарып жүрген жасөспірім спортшыларымыз қатысты.
Осындай үлкен істі қолға алып, өскелең ұрпақ үшін өлшеусіз мұра боларлық алтын қазынаны жасаған Беркін Әкебаевқа аудан тұрғындары атынан үлкен алғыс білдіріп, құрмет көрсетілді.
Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі