«Онлайн қызметті ал-бағалы жүлдені ұтып ал»

«Онлайн қызметті ал-бағалы жүлдені ұтып ал»

🔊🔊🔊«Мемлекеттік қызметшілер күнін» мерекелеу аясында баламалы көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алуды насихаттау мақсатында «Онлайн қызметті ал-бағалы жүлдені ұтып ал» атты акциясы өткізіледі.
❗📌Осыған байланысты, төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға 2022 жылдың 17-маусымына дейін асығыңыздар.
🔹1.«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»,
🔸2.«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»,
🔹3.«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»,
🔸4.«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»,
🔹5.«Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау»,
🔸6.«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту»,
🔹7.«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»,
🔸8.«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру»,
🔹9.«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»,
🔸10.«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу».