Мемлекеттік рәміздерге - 30 жыл!

Мемлекеттік рәміздерге - 30 жыл!

1992 жылы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді — бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.

Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері болып саналады.

Осыған орай бүгін аудан аумағында орналасқан Райымбек батыр ескерткішінің алаңында Мемлекеттік рәміздер мерекесі аталып өтті. Шараға аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы қатысып аудан тұрғындарын осынау айтулы мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар Мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығына орай 30 метрлік тұғырға Мемлекеттік Туымыз орнатылды. Аталған шараға бүлдіршіндерімізде қатысып, биікте желбіреген көк туымызға қарап бойларын патриоттық сезім кернегенін аңғартты.

Жақсы жаңалықтармен жүздесейік.