
Қараусыз қалған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, ел игілігіне, болашақ жастардың спортпен шұғылдануына берген ауыл азаматтарына алғысымыз шексіз.
"Ауылына қарап - азаматын таны" дейді. Көксай ауылының ынтымақ бірлігінің арқасында 107 шаршы метр күрес залына
3 млн 600 теңге қаражат жұмсалыпты.
Ашылу салтанатына Алматы облысының "Дене шынықтыру және спорт басқармасы" басшысы Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы қатысып, ауыл тұрғындары мен жас спортшыларға құттықтау сөзін арнап, ұйымдастырушы азаматтарға алғысын білдірді.
Райымбек ауданы әкімдігінен арнайы келген "Райымбек ауданының Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы" КММ-нің директоры Ақылов Талғат Жұмақанұлы құттықтау сөз сөйлеп, осы залдан әлемді, олимпиаданы бағындыратын спортшылар шығатынына сенім білдірді.
Алматы қаласынан келген осы ауданның спорт жанашырлары "Хантәңірі қырандары " спортшыларды қолдау қоры мүшелері Берік Байынтоқа, Ерлік Жалбағаев, Еркін Сайдақов, Ерніс Қаратаев, Еркін Телақынов, Қақпақ ауылынан Ертіс, Нұрлан деген ел ағалары ақжарма тілектерін білдіріп, жаңа күрес залына арнайы сыйлықтарын тапсырды.