
16.04.2022ж. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында "Райымбек атындағы спорт кешенінде", Райымбек ауданының бұқаралық- спорттық іс-шараларды өткізу орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен "Балалар жылын" қолдау аясында кіші футболдан 9,10,11 сынып оқушылары арасында кіші футболдан жарыс болып өтті.
Жарысқа жалпы 18 команда қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша:
1-орынды Жамбыл ауылының, С.Әшімбаев атындағы орта мектептің құрама командасы жеңіп алды.
Команда құрамы: Алғожа Заңғар, Қатаубай Арсен, Мұхитұлы Айсұлтан, Жанатұлы Әбдіғани, Маратұлы Ерсайын, Мейрманұлы Жадрасын, Бағдатұлы Дарын.
Команда жетекшісі: Абиров Бақытжан.
2-орынды Нарынқол ауылының, Б.Соқбақбаев атындағы мектеп гимназиясы құрама командасы иеленді.
Команда құрамы: Күмісбек Әли, Ысқақбек Біләл, Ілияс Жәнібек, Зерақын Олжас, Секен Ерсұлтан, Құрманғали Әлішер, Әділ Әліби.
Команда жетекшісі: Сыдықбаев Марат.
3-орынды Қызылшекара ауылының, К.Байшығанұлы атындағы орта мектептің құрама командасы жеңіп алды.
Команда құрамы: Шеден Әділет, Тұрсынәлі Медет, Бекей Диас, Абрахман Жасұлан, Абдрахман Нұржан, Әлиза Әлтайыр, Айнидин Нұрислам, Қыдырқан Ақберен.
Команда жетекшісі: Шойлиев Медет.
Жеңімпаз командалар "Райымбек ауданының бұқаралық- спорттық іс-шараларды өткізу орталығы" КММ-нің арнайы кубоктарымен, медальдарымен және мадақтамаларымен марапатталды. Жеңімпаз командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!!!