«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Статистикасына 100 жыл» (1920-2020жж)

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Статистикасына 100 жыл» (1920-2020жж)

“Тамырсыз тал, тарихсыз ел болмайды” – демекші 2020 жылдың             8-қараша күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Статистикасына 100 жыл толып отыр. Қазақстан Статистикасының түп тамыры өткен алысқа кеткен. XVII ғасырдың ортасында, мемлекеттік өндіріс, сауда жүргізу, мемлекет аралық қатынастарды ұйымдастыру және басқа міндеттер үшін ресурстардың бары туралы жиынтық, қорытынды деректер алу қажеттілігінен статистика ғылым ретінде пайда болды. «Statistica» термині ғылыми әдебиетке  XVIII ғасырда неміс ғалымы Г. Ахенваль енгізді. Латынның «Statis»  деген  сөзінен  шыққан «мемлекет ісін жүргізу» ретінде түсіндірілді.

Қазақстан аумағында статистикалық қызметінің пайда болуы XVIII ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның Ресей империясының құрамына кірген кезең болған. 1920 жылғы 8-ші қарашада Қазақ АССР-нің Үкіметі өзінің қаулысымен «Қазақ АССР-індегі мемлекеттік статистика туралы» ережені бекітті және Қазақ АССР-інің Статистикалық басқармасын құрды. Осылайша, Қазақстанның біртұтас орталықтандырылған статистикалық органдарының кұрылған күні 1920  жылдың  8-ші қарашасы болып есептелінеді және осы күні Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (Қазақ) АКСР-ындағы Мемлекеттік статистика туралы Ережені» бекітті. Алайда, 1920 жылға дейін  Қазақстанда басқа жергілікті статистикалық қызметтерді біріктіретін біртұтас статистикалық орган болған жоқ. Қазақстан аумағында 1968 жылдың 22-ші қаңтар күні Түркістан Губерниялық статкомитеті және оған қарасты Сырдария және Жетісу облыстарының статбюролары ресми мемлекеттік орган болып құрылды. Ал, ХІХ ғасырдың 70 жылдар ортасында Орал, Семей және Ақмола және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері құрылған.

1925 жылы Орынбор қаласында бірінші, және 1927 жылы Қызылорда қаласында екінші Республикалық статистика конференциялары болып өтті, олардың шешімдері мен ұсынымдары статоргандардың ұйымдастырылып нығаюына және әдістемелік жабдықталуына маңызды роль атқарды. 1930-1948 жылдарда Республикадағы статистика қызметінің жалпы жұмысына және оның жоспарлы жүруіне басшылықты Қазақ АКСР- ның (1936 жылдан бастап Қазақ КСР) Мемлекеттік жоспарлау органы жүргізді. 1948 жылдан бастап статистика жүйесін дербес мемлекеттік орган Республика Министрлер Кеңесі жанындағы статистикалық басқарма басқарды, ал 1960 жылдан бастап Орталық Статистика басқармасы (ОСБ), 1987 жылдан бастап Статистика жөніндегі Мемлекеттік комитет (Мемстатком), 1991 ж. 1 наурызда Қазақ КСР-ның Мемстаткомы,  Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитеті, 1998 жылы 30 маусымнан Қазақстан Республикасының Ұлттық Статистикалық агенттігі, 1999 ж. 22 қаңтарда “Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы“ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ұлттық статистикалық агенттік Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі болып қайта құрылды. Кейіннен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті деп аталып келді. Бүгінде Статистика саласының 100 жылдық мерей тойы қарсаңының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі қажет екенін айтып «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агентігі» құрды және 2020 жылғы 14 қыркүйекте №411 Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агентігі» төрағасы лауазымына  Қайрат Нематұлы Келімбетовты тағайындады.

Тарихқа қайта оралар болсақ, Стат органдардағы барлық жедел және статистикалық есеп берулердің 1957-1958 жылдардан бастап орталықтандырылуына байланысты, олар кейінгі жылдардың барлығында да (КСРО-ның 1991 жылы ыдырауына дейін) шын мәнінде басшылық, жоспарлау және басқа да барлық деңгейдегі басқару органдарын, еліміздегі экономиканың және мәдениеттің жағдайы туралы және халық шаруашылығы жоспарының және көптеген шаруашылық жұмыстарының барысы мен орындалу қорытындылары туралы, жедел және жалпы жинақталған ақпаратпен жабдықтайтын жалғыз-ақ жүйе болды.

            1992 жылғы қаңтарда – Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы Кеңесінің VII–сессиясында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң Кеңес одағы кезіндегі заңдар негізінде қабылданғандықтан 1997 жылы 7-ші мамырда әлемдік деңгейдегі заңдар тәжірибелерін ескере отырып толықтырулар енгізіліп қайта «Мемлекеттік статистика туралы» Заңы қабылданған болатын. Бірақ ол да өзгермелі нарықтық экономикада жаңа халықаралық стандарттарды енгізуді талап етті. Сол себепті жетілдірілген, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін  Заң 2010 жылы 19 наурызда “Мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды және осы заң мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және қоғамның, мемлекет пен халықаралық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталды.

Қазақстанның статоргандары, бұрынғы КСРО кезінен бастап  Бүкілодақтық барлықсегіз халық  санағы  ұйымдастырып, өткізілсе , Қазақстан өз Тәуелсіздігін алғаннан кейін 1999 жылы Бірінші ұлттық санағын өз уақытында ұйымшылықпен өткізді. Араға 10 жыл салып 2009 жылы ұлттық халық санағы қайта өтті. Сонымен қатар, Үкіметіміздің 1999 жылғы 24-ші сәуірдегі «Қазақстан Республикасында бірінші Ұлттық ауылшаруашылық санағын жүргізу туралы » №463  қаулысына сәйкес,  2006-2007 жылдары біздің елімізде бірінші рет ауыл шаруашылық санағы жүргізілді. 2019 жылы Жалпы ұлттық халық санағын жаңа заманауи тұрғыда планшетпен және онлайн режиминде өткізу жосапарланған болатын. Белгілі бір себептермен 2020 жылға ауыстырылып бүкіл әлемде орын алып жатқан пандемияға қарсы кейінге шегерілді. Статистика органдарының 100 жылдық тарихи кезеңдерінде жалпы он халық санағы өтті.

            Статистика органдары  Ұлы Отан соғыс жылдары кезінде де өз үлесін қосты. Ол уақытта ең алдымен, ел қорғанысы мақсаттарына аса қажет ресурстарды  анықтау жəне жұмылдыру ісін жүргізуге барын салды. Ол кезде ешқандай ресми талап болмаған. Соғыс жылдары кезіндегі Статистика органдарына берілген алғашқы жұмыс–шығысқа эвакуацияланған кəсіпорындар, шығарылатын босап тұрған үйлер мен үй-жайлар тізімі болған. Талап–ең алдымен зауытты орналастыру мүмкіндігін қарастыру үшін ұсыныстар беру. Қызметін шұғыл, ойдағыдай атқарғандықтан. Кезекті тез арада өткізілген санақ қорытындылары нәтижесін бағалап ССРО ОСБ-ң Үкіметке жасаған баяндамасында И. Сталин былай деп жазды: «Бұл ақпараттың құны майдандағы ірі жеңіске пара-пар». –деген екен. Осындай  I ғасырлық тарихы бар органда біздің ауданымыздың да азаматтары елеулі үлестерін қосты.

             Соғыс жылдарынан кейін 1966 жылы ақпан айында Нарынқол ауданымен қатар «Нарынқол аудандық ақпараттық есептеу станциясы» құрылып жұмысын бастаған болатын. 1991-1997 жылдары Кеген ауданымен Райымбек ауданы қосылған жылдары «Райымбек аудандық статистика бөлімі» аудан орталығы Кеген ауылына көшірілген. Араға 21 жыл салып «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының Статистика департаменті Райымбек ауданының Статистика басқармасы» болып аталып  өз жұмысын 2018 жылы қазан айынан бастап Нарынқол ауылында 3 штаттық бірлікпен  жұмысын жалғастырды.   Статистика органында 1966 жылдан бүгінгі күнге дейін еңбек еткен аудан азаматтары біршама. Бұрынырақ ауданымыздың Статистика саласында  қызмет еткен адамдардың есімдерін Ахмет Мейірбековтың айтуымен жазылды себебі, мұрағаттық материалдар сақталмаған. Олар: А.Қайнарбеков, М.Садықов, А.Мейірбеков, Б.Рысбекова, С.Үркімбаев,  Е.Саулеев, А.Тәліпбаева, Ғ.Нүсіпқожаева, М.Әбдікерімов, Б.Бекпентаева, С.Даниясова, А.Даулетбақова, Ж.Жұмабекова, Д.Сарсенбаева, Ж.Байдаулетова сонымен қатар ауылшаруашылық санақ кезінде тағы да басқа аудан азаматтары еңбек етіп, әлі де әр түрлі салада қызметерін жалғастыруда.

Статистика органдары өздері жинақтаған мәліметтер қорымен ұйымдастырушылық, сараптамалық жұмыстар жүргізді және әртүрлі мерзімді басылымдарды жариялайды.

 Қазір де жылдам өзгеріс уақытта өткенін қорытындылап, болашаққа жаңа жоспар құрарда статистика саласының атқаратын қызметі зор.  Статистика-қоғам айнасы. Статистика- бұл жылдар бойы жинаған тәжірибелер мен әдіснамалардан құралған үлкен жұмыс көлемі. 

                «Статистикалық сандар дүниені басқармаса да, олар дүниені қалайша жақсы басқарылатынын  көрсетеді »-деген екен Иоган Вольфганг

Гёте. Міне, осыншама үлкен маңызды істер респонденттердің яғни, есеп тапсырушылардың дәйекті, мерзімді ұсынған мәліметтеріне сәйкес болмақ. Статистика органының 100 жылдық мерей тойында маңызды саяси шешімдер қабылдауда жəне қоғамды дамытуда өз үлестерін қосқан Қазақстан статистика органдарының  қызметкерлерін және ауданымызда қызмет еткен ардагерлерімізді,  бүгінгі күні қызметте жүрген өз ұжымымды  құттықтаймын! Сіздерге денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға береке жаңа кəсіби табыстар  тілеймін! 

 

 

Райымбек аудандық статистика басқармасы