Аудан аумағында 66 шақырым республикалық маңызы бар, 240 шақырым облыстық маңызы бар, 282 шақырым ауыл ішіндегі жолдар, барлығы 588 шақырым жол бар.
Жергілікті бюджет есебінен 2021 жылға Сарыжаз, Сарыбастау, Қайнар ауылдарының көше жолдарына орташа жөндеуден өткізуге 256 млн.теңге және Талас ауылының көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына ауыспалы нысан ретінде 30 млн.теңге бөлінген болатын. Қазіргі уақытта Қайнар ауылы бойынша орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Сарыбастау ауылының құрылыс жұмыстары 90%-ға аяқталды. Сарыжаз ауылының көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Талас ауылының ішкі жолдарына жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстары бойынша Талас ауылындағы 56 су өткізгіш құбырлар ауыстырылып, жолдың беткі қабаты тегістелуде.
Ауыл-Ел бесігі арнайы жобасы бойынша 2021 жылға Қақпақ ауылының 4,4 шақырым болатын көше жолдарын орташа жөндеуге 203,2 млн.теңге бөлініп, конкурс нәтижесі бойынша Алматы жолдары ЖШС 106,4 млн.теңгеге ұтып алды. Үнемделген қаражат толығымен республикалық бюджетке қайтарылды. Қазіргі уақытта орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Ауыл ел бесігі арнайы жобасы аясында Қызылшекара ауылының 2,3 шақырым болатын көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 93,7 млн.теңге бөлініп, Алматы жолдары ЖШС – мен 67.2 млн.теңгеге келісімшарт жасалынды. Үнемделген қаражат республикалық бюджетке қайтарылды. Қазіргі уақытта орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.