Меню

Страницы

Статья

«ХАНТӘҢІРІ» газеті

         Райымбек аудандық "Хантәңірі" қоғамдық-саяси газеті 1936 жылы жарық көрген. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық коммуникациялар саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде 2017 жылғы 13 сәуірде тіркеліп, №16447-G куәлігі берілген. Газеттің әр нөмірі 8 беттен тұрады. Оның ішінде 1 және 8 беттер түрлі-түсті форматта. Қазіргі таңда газет "Алматы-Болашақ" баспаханасында 3000 дана таралыммен шығарылуда.

         Аудандық "Хантәңірі" газеті алғаш рет 1936 жылы "Екпінді Малшы"деген атпен жарық көрді. Осыдан кейін газет "Қызыл шекара", кейін  "Кеңестік шекара" деп аталды. Журналист, ардагер Әлнұр Мейірбеков 30 жылдай газеттің бас редакторы қызметін атқарды.

         Бүгінгі таңда "Хантәңірі" ЖШС директоры  Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі Ізтелеу Перизат Нұрланқызы. Бас редактор: Тұрдиев Жұмабек Тәліпұлы, Қазақстан журналистикасының журналисті.

          Газеттің барлық нөмірлерінде Президенттің "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына байланысты әр түрлі тақырыптарға мақалалар жариялаймыз. Қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс болып табылады, ол газетте "Жирен жаман әдеттен" айдарымен жарияланады. Беркін        Әкебаевтың біздің ауданымыздың тарихы туралы, есімдері аудан тарихына енбеген адамдар туралы мақалалары "Ұмытылмас есімдер" айдарында. Сондай-ақ, "Ескерткіштер сыр шертеді", "Ислам және отбасы", "Тероризммен күрес", "Шаруа қожалықтарында", "Кәсіпкер нәсібі", "Тарихтан тәбәрік", "Адам. Қоғам. Заң", "Рухани қазына "  газетте үнемі жарияланып тұрады.

         Редакцияның өз кеңсесі бар. Редакцияның материалдық базасы дұрыс жұмыс істейді. Қызметкерлерге ноутбуктер, диктофондар, фотоаппараттар беріледі.

Газет сайты: http://hantengrigazeti.kz/, сондай-ақ Facebook әлеуметтік желісіндегі біздің парақшамыз: facebook.com/hantengirigazeti. және Instagram: @hantaniri.gazeti

Мекен-жайымыз: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Б.Соқпақбаев көшесі 20/1 бірінші қабат. Электрондық пошта g.hantaniri@mail.ru

Дата публикации
25 августа 2021
Дата обновления
25 августа 2021
Тип
Газеттер/Журналдар

Сейчас читают

17 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы