Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы

Жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы

жерлер – 210  814  га

Оның ішінде :

Егістік жер – 40 193 га

Жайлымдық жер – 165 327 га

Шабындық жер – 5 294 га

Аудан бойынша мал саны бас:

Ірі – қара – 71648 бас Оның ішінде аналығы – 34477  бас

Қой мен ешкі – 323194 бас  Оның ішінде аналығы – 154542,  Жылқы – 43 509 бас Оның ішінде аналығы – 22814бас

2022 жылдың 12 айындағы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 44,6 млрд. теңгені құрады. (Нақты көлеминдексі 100,5%).

   2021 жыл мен салыстырғанда өнім көлемі 4 млрд.458 млн. теңгеге артқан.

Тірі салмақтағы ет  – 18 837 тонна.

Сауылған сиыр сүті  – 29 171 тонна.

Жиналған жұмыртқа  – 6 млн 257мың дана.

 Ағымдағы жылы 11300 га жерге себілген дәнді-дақыл толығымен жиналып әр гектарынан 18,9 центнерден (2021жылы16 ц/га өнім ) өнім алынды.

     2022 жылы 5500 гектар жерге отырғызылған картоптың әр гектарынан                              218,2 центнерден (2021 жылы 216 центнерден) өнім алынды.

     2022 жылы аудан шаруа қожалықтары 241,9 млн. теңгеге 14 бірлік трактор, 8 бірлік ауылшаруашылығы техникаларын алды. (лизинг арқылы 150,2 млн. теңге, өз қаражаттары есебінен   91,7 млн. теңге).

Райымбек ауданы бойынша барлығы 21 канал бар. Оның 8-і Магистральді канал, олар 141 километрді құрайды. 13 Ішкі шаруашылық каналдар 151 километрді құрайды. Райымбек ауданы бойынша суармалы егістік жер 23401 га оның ішінде 18080 га жер Көлсайирригация арқылы суарылады ,5321 га жер ішкі шаруашылық каналдары арқылы суарылады. Ішкі шаруашылық каналадарының барлығы тозған. Суару кезінде жеңіл тазалау жұмыстарын ауыл шаруашылық тауар өндірушілері өз қаражат күштерімен іске асырып келеді.

Аудан бойынша 6 тоспаның құрылысына ЖСҚ жасалынған. 2021 жылы Ұзынбұлақ (600 гектар), Белбұлақ (400 гектар), Ауыл (750 гектар) тоспаларының құрылыс жұмыстарына 707,2 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 1750 гектар суармалы егістік жер айналымға қосылады.

Қалған Шибұт (1800 гектар, 364,0 млн. теңге), Шолақ (1200 гектар, 147,0 млн. теңге).Құрлыс жұмыстары басталды. Құрлыс жұмысын «ТУНАС» ЖШС жүргізуде. Қабанды тоспасының құрлыс жұмысы басталды. Құрлыс жұмысын «Кодекс» ЖШС жүргізуде.(1050 гектар, 129,0 млн. теңге). 6 тоспадан 5800 гектар суғармалы жер айналымға қосылады.

Қарасаз ауылынан «Qarasaz Food» ЖШС-гі сүт қабылдайтын және өңдейтін зауытын іске қосты. «SNV BIZ GROUP» ЖШС-гі  2023 жылы 200 басқа арналған  сүт-тауарлы фермасын іске қосуды жоспарлауда. Сүт қабылдап және өңдейтін заводтың құрал жабдықтары толығымен алынып, орнатылды. 2 сүт таситын автокөліктер сатып алынды.Тәулігіне -20 тонна литр сүт өңдей алады. Қақпақ, Текес және Қайнар ауылдық округтеріне сүт жинайтын танкерлер орналастыруда. Мақсаты: сүт, қаймақ, құрт, түрік айранын, ірімшік, май өндіру.

Ауылшаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрі

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (төл нұсқасын) және мемлекеттік номерлік белгі беру»

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондайақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондайақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»

 

Дата публикации
28 февраля 2020
Дата обновления
28 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы