Меню

Страницы

Статья

Алматы облысы Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік табыстады

Алматы облысы Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік табыстады

2025 жылғы 6 тамызда Райымбек ауданының актив жиналысы өтті.

Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айдын Бексұлтанов тікелей сайлау нәтижесінде аудан әкімі болып сайланған Дастан Сұлтанмұратұлы Құдабаевқа әкім куәлігін табыстады.

Халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланған Дастан Құдабаев осы күннен бастап аудан әкімі ретінде ресми түрде қызметіне кірісті.

Құдабаев Дастан Сұлтанмұратұлы 1971 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1993 жылы «Шалкөде» шаруа қожалығында мал дәрігері ретінде бастаған. 1997 жылдан бастап Райымбек ауданындағы «Шынар» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарды.

2007 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында Райымбек, Кеген және Ұйғыр аудандарының жергілікті атқарушы органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2022 жылдың шілде айынан 2023 жылдың мамырына дейін Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды.

Аудан әкімі болып сайланғанға дейін  Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Кандидаттыққа «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ұсынған.   

 
Дата публикации
06 августа 2025
Дата обновления
06 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

17 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы