ХАБАРЛАНДЫРУ!
Сарыжаз ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары аталған кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыруға және әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау тетіктері туралы ақпарат алуға болады.
«Құқықтық кабинетте» келесі мүмкіндіктер қарастырылған:
• Құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу;
• Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын меңгеру;
• Заңды құқықтар мен мүдделерді қорғаудың құқықтық құралдарымен танысу.
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жұма, сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.
Мекен жайы: Сарыжаз ауылы, Әбдразақ көшесі 70
Байланыс телефоны: 8 72 779 26 355