ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Шәлкөде ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.
Мекенжайы: Шәлкөде ауылдық округі, әкімшілік ғимараты, Шәлкөде ауылы, Нұрақын көшесі 29.
Байланыс телефоны: 8 72771 23481

Дата публикации
02 апреля 2026