Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды  ақпарат  

Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылдық округінің

әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес,                        2026 жылғы 18наурыздаРайымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  2026 жылғы 26сәуірге  Алматы облысы Райымбек ауданыҚарасаз ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, шекаралары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және «Хантәңірі» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2учаскелік сайлау комиссиялары, 19 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Қарасаз ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 1278  адамды құрайды.

2026 жылдың 19наурыздан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, облыс әкіміне тиесілі.

2026 жылдың 31наурыздағы жағдай бойынша 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат «Amanat» партиясы»қоғамдық бірлестігі ұсынылды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 31наурызда сағат   18:00-де аяқталды.

 

Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
01 апреля 2026