Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

 

         Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы                    № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы                                  6 желтоқсанда № 4924 болып тіркелді

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Райымбек ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Райымбек ауданы әкімінің "Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы                        13 қыркүйектегі № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4845 тіркелген, 2018 жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Талғат Садырұлы Даукеевке жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                             Ж. Умаров

 

 

Дата публикации
26 марта 2026