Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Алматы облысы Райымбек ауданының Қарасаз ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Райымбек ауданыныңҚарасаз ауылдық округінің әкімін сайлау 2026 жылдың 26сәуірге тағайындалсын.
- 2026 жылғы 26сәуірге тағайындалған Алматы облысы Райымбек ауданыныңҚарасаз ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегінегізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы «ХанТәңірі» газетінде жариялансын және Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға А. Бексұлтанов
Хатшы А. Жанахметова
Нарынқол ауылы,
2026 жылғы 18наурыз,
№8