Алматы облысының Райымбек ауданы Текес ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы
2025 жылғы 14 қыркүйекте Райымбек ауданының Текес ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына,
44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Райымбек ауданының Текес ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары сайлау нәтижелерін анықтады:
Текес ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1698 азамат енгізілді, олардың 1075(63,31%) дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны –
8 (0,47%), "Бәріне қарсымын"- 10 (0,58%).
Әкімге үміткерлер саны – 3, 2 - өзін-өзі ұсыну арқылы және
1 "Ақ жол" партиясынан ұсынылған.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Аметов Ермек Даниалович - 571 (53,51 %); Баратов Касым Досанович– 276 (25,87 %); Болысбеков Сайлаубек Кумарбекович - 210 (19,68 %).
Текес ауылдық округінің сайланған әкімі Аметов Ермек Даниалович, 1971 жылы туған, «Экономика және қаржы бөлімі» ММ бас маман, Райымбек ауданы,Текес ауылында тұрады, «Ақ жол» партиясының мүшесі, қазақ.
Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы