Алматы облысыРайымбек ауданы Текес ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

Алматы облысыРайымбек ауданы Текес ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес,  2025 жылғы 6 тамызда Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  2025 жылғы 14қыркүйекке  Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, шекаралары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және «Хантәңірі» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2учаскелік сайлау комиссиялары, 19 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Райымбек ауданы  бойынша сайлаушылар саны 1698  адамды құрайды.

2025 жылдың 7тамыздан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, облыс әкіміне тиесілі.

2025 жылдың 19тамызына жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат «Ак жол» партиясы»демократикалық бірлестігінен ұсынылды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 19тамызда сағат   18:00-де аяқталды.

 

Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 августа 2025