«Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 25 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының  Регламентін бекіту туралы» Райымбек ауданының аумақтық сайлау

 комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 25 қаулысына толықтыру енгізу туралы

       «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 12) тармақшасына сәйкес Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 25 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

Аумақтық сайлау комиссиясының Регламенті мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1.Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының14-бабының11-1) тармақшасының негізінде сайлау процесіне қатысушыларар асында құқықтық ағарту және сайлау мәдениетін арттыру шеңберінде диалог алаңдарын және жастармен, оның ішінде жас сайлаушылар клубы форматында өзара іс-қимылдың өзге де нысандарын құруға құқылы».

         2.Осы қаулы Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

         Төраға                                                                         А. Бексултанов

          Хатшы                                                                      А. Жанахметова

 

 

 

Нарынқол ауылы,

2025 жылғы 8 тамыз

№ 20

Дата публикации
08 августа 2025