Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Алматы облысы Райымбек ауданының Текес ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылдық округінің әкімін сайлау 2025 жылдың 14 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2025 жылғы 14 қыркүйекке тағайындалған Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы «ХанТәңірі» газетінде жариялансын және Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға А. Бексұлтанов
Хатшы А. Жанахметова
Нарынқол ауылы,
2025 жылғы 6 тамыз,
№19