Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

 

Алматыоблысы Райымбек ауданы Текес ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына,  22-бабына сәйкес Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі  Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында құрылсын
  2. Осы қаулы «ХанТәңірі» газетінде жариялансын және Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                          А. Бексултанов

 Хатшы                                        А. Жанахметова

 

 

 

 

 

 

 

Нарынқол ауылы,

2025 жылғы 6 тамыз,

№18

Дата публикации
06 августа 2025