Алматы облысы Райымбек ауданының сайланған әкімін тіркеу туралы

 Алматы облысы Райымбек ауданының сайланған әкімін тіркеу туралы

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының                        9) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының  3-тармағына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары мен аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 3 тамызда өткен Алматы облысы Райымбек ауданының әкімін сайлау қорытындылары туралы хаттамасы негізінде Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

 

  1. Құдабаев Дастан Сұлтанмұратұлы 1971 жылы туған, Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының тұрғыны, Алматы облысы Райымбек ауданының әкімі болып тіркелсін.
  2. Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  3. Тиісті куәлік берілсін.

 

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                                                                                      

 

 

 

 

А. Бексултанов

Сайлау комиссиясының хатшысы

 

 

 

 

А. Жанахметова



Дата публикации
06 августа 2025