Райымбек ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру жөніндегі 2025 жылдың 1 жартыжылдығының жұмысы туралы АНЫҚТАМА-АҚПАРАТ

Райымбек ауданы жергілікті атқарушы органдарының                           2025 жылдың 6 айлығына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстарға талдамалық анықтама

 

Ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Райымбек  ауданы әкімдігінің деңгейінде 21 мемлекеттік орган – қызмет көрсетуші: аудан әкімінің аппараты, 11 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 9 аудандық бөлім жұмыс істейді. Аудан көлемінде                             54  мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер «Е-акимат», «ИИС ЦОН»,  «Адресный регистр», «Е-собес», «Е-лицензирование» электрондық жүйелері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және тікелей жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетіледі.

Бекітілген жоспарға сәйкес, ішкі бақылау 2025 жылдың 2 тоқсанында     2024 жылғы      13 желтоқсандағы   аудан әкімінің «Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»  № 62-ө-н/қ      өкіміне сәйкес, бөлімнің  өзімен  4 мемлекеттік мекемеге: Аудандық «Сәулет және қала құрлысы бөлімі» ММ-сі , «Экономика және қаржы бөлімі»» ММ-сі  мен   2  ауылдық округке:                        «Жамбыл ауылдық   округі  әкімі    аппараты» ММ-і , «Сүмбе  ауылдық   округі  әкімі    аппараты» ММ-не бақылау іс-шарасы  жүргізіліп, заң   бұзушылықтар анықталып, ескерту түріндегі  тәртіптік шара берілді. Ішкі бақылау жүргізілген уақыт аралығында азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету  сапасына арыз-шағымдар түспеген. Заң бұзушылықтар орын алған жоқ.

2025 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша Райымбек  ауданының  мемлекеттік мекемелері барлығы- 1335, жеке тұлға –1280 заңды тұлға -55 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

465 (жеке тұлға), 42 (заңды тұлға)– Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде (40,6%);

582 (жеке тұлға);  13 (заңды тұлға)  - электрондық үкіметтің веб порталы арқылы көрсетілген (44,5%) ;

295 (жеке тұлға) - мемлекеттік корпорация арқылы (22%).

         Мәліметтерді сараптай келе мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және электронды түрде көрсетудің үлесінің артқанын байқаймыз.

        2025 жылдың 6 айлығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау және халықты көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қағидаларымен таныстыру мақсатында аудандық «Хантәңірі» газетіне 11 мақала жарияланды. Райымбек ауданының аумағында мемлекеттік корпорацияның1- бөлімшесі жұмыс істейді. Мемлекеттік орган ғимараттары халықтың мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алуы үшін толықтай жабдықталған және ауданымызда Сервистік әкімдік жұмыс істеуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуші  7 мемлекеттік мекеме халыққа қызмет көрсетіп отыр.

2025  жылдың 6 айлығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау және халықты көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің  қызметкерлері арасында 20 семинар-кеңестер, 5 дөңгелек үстел және 10 ашық есік күндері, 3 жәрмеңке және  мемлекеттік қызметті танымалдандыру мақсатындағы акциялар  өткізілді. Жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 1274 адам қамтылды. Сонымен қатар 17 өзіне-өзі қызмет көрсету егов бұрышы жұмыс жасап тұр

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  шағым келіп түспеді.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен аудан/қала әкімдіктері жанынан мемлекеттік қызмет көрсету бағытында мәселелерді қарау бойынша Мониторингтік топтар (бұдан әрі – Талдау тобы) құрылып, тиісті жұмыстар жүргізу қолға алынған болатын. Ауданда Қоғамдық талдау тобы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талдау тобы бойынша 11 мемлекеттік мекемеге арнайы мониторинг жүргізілді. Тексеру нәтижесінде хаттама толтырылып бірқатар кемшіліктер анықталып, орындауға 1 ай мерізім берілді мерзімде ұсынымдар толығымен орындалды.

Қоғамдық кеңес отырысы бойынша 2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша  Аудандық қоғамдық кеңесте күн тәртібінде 2 мемлекеттік мекемелер қаралып , әр мекемеге екі ұсынымнан беріліп, ұсынымдардың барлығы толығымен орындалды.

Сонымен қатар қазіргі таңда ақпараттық жүйелер ғасырының кері байланыс орнатудың негізгі құралы әлеуметтік желілер екендігі сөзсіз. Осы орайда, Мемлкеттік қызметтер Райымбек ауданы фейзбук әлеуметтік желісінде  Райымбек ауданы әкімдігі ресми сайтында жарияланып отырады.

Қортындылай келе, Департаментпен бірлесіп ауданымызда мемлекеттік қызметтерді сапасын арттыру, кедергісіз орта қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау  бойынша кешенді     іс-шаралар жүзеге асырылуда.

 

 

 

Райымбек ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру жөніндегі 2025 жылдың 1 жартыжылдығының жұмысы туралы АНЫҚТАМА-АҚПАРАТ
Дата публикации
24 июля 2025