Состояние сферы культуры и спорта в районе за 1 полугодие 2025 года

2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша аудандағы мәдениет және спорт саласының жай-күйі  туралы

                                                              

     Бүгінгі күнде Райымбек ауданында мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын 1 аудандық мәдениет үйі және 10 ауылдық мәдениет үйлері бар. 10 мәдениет үйінде 63 көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны -  676.

Атап айтсақ, аудандық мәдениет үйінде 10 көркемөнерпаздар үйірмесі бар,  қатысушылар саны - 112 болса, ауылдық мәдениет үйлерінде -  53 көркемөнерпаздар үйірмесі, оның ішінде  қатысушылар  саны – 564 адамды құрайды.

Ауданда сұйық отынмен жылытылатын 8 мәдениет ошақтары жұмыс жасайды. 2024-2025 жылы сұйық отынмен жылытылатын мәдениет ошақтарына 135 795 литр сұйық отын сатып алуға 40 млн 739 мың теңге қаржы бөлінді. Сауда биржасы арқылы конкурс ойнатылып, «Таударбекова» ЖК-мен келісім-шарт жасалды.

Аудандық мәдениет үйінің және Текес ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған 2  халықтық атағы бар  ұжымдар атап айтсақ, "Ақтолқын"  халықтық фольклорлық ансамблі және "Алтын қазына" әжелер ансамбліне  барлығы  23 адам қатысады.

2025 жылға арналған мәдениет саласы бойынша Б. Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінің  атқарылатын іс-шаралар жоспары жалалып бекітілді.

Жыл ішінде ақын О. Досбосыновтың 50 жылдығына, ақын                     Е. Ібітановтың 90 жылдығына, композитор Н. Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған  ауқымды мәдени шаралар жоспарланған.

Материалдық-техникалық база бойынша:

49 радио және конференциялық микрофондар, 20 микрофон тіреуіштері;

20 дыбыс күшейткіш колонкалары,  20 колонка тіреуіштері, 11 дыбыс күшейткіш аппаратуралары;

2 трибуна, 7 президиум;

20 домбыра, 2 қобыз прима, 4 қыл қобыз, 1 контрабас, 2 жетіген,  2 дауылпаз, 2 шертер;

5 компьютер, 15 ноутбук, 14 принтер;

2 кілем және 225 метр дорожкалар;

2019 жылы аудандық мәдениет үйіне құны 25 млн. теңге тұратын жылжымалы сахна сатып алынды. Аудандық мәдениет үйі 2 газель автокөлігі және «Шевроле  кобальт» жеңіл автокөлігімен қамтылған.

 Баққожа Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйі ғимараты 1985 жылы салынған, жалпы алаңы 878,3 шаршы метр. 2012 жылы күрделі жөндеуден, 2018 жылы ағымдағы жөндеуден өткізілген.

Еркін Ібітанов  атындағы аудандық мәдениет үйі ғимараты 1973  жылы салынған, жалпы алаңы 1242,2 шаршы метр. 2021 жылы күрделі жөндеу  жұмыстары жүргізілген.      

2021 жылы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай 42 млн. теңге  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қайнар  ауылдық мәдениет үйі ғимараты 1982 жылы салынған, жалпы алаңы 1163,8 шаршы метр.  2010 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2022 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 000, 0 мың теңге бөлінді.

Сарыбастау  ауылдық мәдениет үйі ғимараты 1965  жылы салынған, жалпы алаңы 1215,3 шаршы метр. 2011 жылы күрделі жөндеу  жұмыстары жүргізілген. 2022 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына 15 000, 0 тг бөлінді. 

Текес ауылдық мәдениет үйі ғимараты 1989 жылы салынған, жалпы алаңы 1043,8 шаршы метр.  2007 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2021 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына 18 млн. 473 мың теңге бөлінді.

Қақпақ ауылдық мәдениет үйі ғимараты 1968 жылы салынған,  жалпы алаңы 1022,4 шаршы  метр. 2021 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сүмбе ауылдық мәдениет үйі ғимараты 2023 жылы салынып, халық игілігіне берілді.

Жамбыл ауылдық мәдениет үйі 2021 жылы құрылысы басталып 2024  жылдың 24 қазанында пайдалануға берілді. 

Сарыжаз, Шәлкөде, Тегістік ауылдарында мәдениет үйлері апатты жағдайда  деп танылып толығымен сүрілді. ЖСҚ дайын. Меслекеттік актісі жасалған. Алдағы уақытта осы 3 мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.

Аудандағы 20 елді-мекендер бойынша мәдениет нысандарымен халықтың қамтылуы 2025 жылы 43,3% құрады.

Тілдерді дамыту бойынша:

2025 жылдың I жартыжылдығына мемлекеттік  тілді оқыту курсына – 60 тіл үйренуші қабылданды. Оқытылатынтоп саны – 4 (оның ішінде мемлекеттік қызметшілер 15, бюджеттік сала қызметкерлері 45). Ұлттық құрамы: 59 қазақ, 1 этнос өкілдері (1%).

2025 жылдың I жартыжылдығына ағылшын тілді оқыту курсына 30 тіл үйренуші қабылданды. Оқытылған топ саны – 2 (оның ішінде мемлекеттік қызметшілер 20,бюджеттік сала қызметкерлері 10).

Курс мерзімі –  6 ай. Сабақ аптасына 2 рет өткізілді.

Жергілікті тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін     бағалау – Қазтест жүйесі негізінде диагностикалық тестілеуден өткендердің жалпы саны 50 адам (оның ішінде мемлекеттік қызметшілер 27, бюджеттік сала қызметкерлері 23).

2025  жылдың қаңтар айынан бері БАҚ-та тіл мәртебесі, тіл оқыту туралы жалпы саны 12 мақала жарық көрді.

Сондай-ақ, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Райымбек аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспары және әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес жыл басынан бері  17 шара, оның ішінде оқыту ісіне байланысты 9 ашық сабақ,  4 челлендж, 4 мерекелік кеш өткізілді.

Райымбек аудандық  кітапханасы бойынша:

Аудандағы 11 кітапханада кітап қоры 130 133, оқырман саны 10511, кітап берілімі 154680, келушілер саны 104093.

Былтырғы жылмен салыстырғанда оқырман саны 557 оқырманға көбейген. Аудандық кітапхананада 31 штаттық бірлікпен мамандар жұмыс жасайды. 2024-2025 жылғы қыс маусымына аудандық кітапханаға «Аманат» ЖК-мен келісім-шарт жасалынып 40 тонна қатты отын жеткізілді.

Райымбек аудандық кітапханасы 2018 жылдан бері Нарынқол балалар кітапханасының ғимаратында отыр. Ғимарат көлемі 375 шаршы метр. Нарынқол балалар кітапханасы 1984 жылы салынған. 2011 жылы күрделі жөндеуден өткен. Бүгінгі таңда ғимарат ескірген, ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Аудандық және 9 ауылдық кітапханаларының МТБ нығайту қажет. Аудандық кітапханаға қарасты 9 ауылдық кітапханасына сапалы интернет желісін орнату күн тәртібінде.

 

М. Мақатаевтың әдеби-мемориалды мұражайы:

Мұражай  ғимараты 1990 жылы 20 сәуірде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысымен салынды. 1991жылы 24 қыркүйекте Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №544 қаулысымен М.Мақатаев әдеби-ескерткіш мұражайы болып бекітілді.Музей 1991 жылы ақынның 60 жылдық мерейтойында ашылды.

2011 жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейі 80 жылдық мерейтойына орай экспозициясы жаңа безендіруден өткізіліп, қайта ашылды.                                                                    Музей қорында жалпы саны -1252 экспонат бар,оның  629- сі негізгі қорда.

Ғимаратқа 2020  жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Спорт саласы бойынша

 

Бұқаралық спорт саласында аудан халқының дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануына жағдай жасау басты назарда. Ауданда дене шынықтыру және спортпен айналысуға аудан орталығы – Нарынқол ауылында  заманауи талапқа сай дене шынықтыру-сауықтыру кешені 2021 жылы пайдалануға берілген. Аталған спорт кешені күніне 180 адамды қабылдайды.  Сонымен  қатар демеушілер көмегімен  Қарасаз (60), Шәлкөде (40), Талас (20) ауылдарында спорт кешендері салынып пайдалануға берілді. Қақпақ, Көкбел, Қайнар ауылдарында арнайы жабыдықталған күрес, спорт залдары бар. 2023 жылы Сүмбе ауылында 70 орындық,  Қызылшекара ауылында 60 орындық спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Сарыбастау ауылындағы 80 орындық спорт кешені 2024 жылы желтоқсан айында қолданысқа берілді. Биыл Жамбыл ауылы Қаратоған елді-мекенінде ауыл азаматтарының демеушілігімен шағын спорт алаңының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері қолданысқа беріледі деп күтілуде.

  Қайнар, Сарыжаз, Қақпақ  ауылдарында шағын спорт кешендерін салуға жер телімдеріне  мемлекеттік актілері дайындалды.

 

Райымбек ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы бойынша

 

Ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дене тәрбиесімен шұғылданатын тұрғындар санын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2025 жылдың 6 айында 24 аудандық, 3 облыстық және 142 ауылдық округтерде спарттық іс-шаралар  ұйымдастырылып өткізілді.

2023 жылы ауданымызда жалпы спортпен шұғылданушылар саны 43,3 % құраса, қазіргі таңда 2024 жылы  44,8 % құрады.  Салыстырмалы түрде жыл ішінде ауданымызда жалпы  спортпен шұғылданушылар саны 1,5 % артып отыр.

Райымбек ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы 2022 жылдың қаңтар айынан бастап құрылып, жұмыс жасауда. Аталған орталық 1 директор,                         1 есепші, 1 инспектор және 15 нұсқаушымен қамтылған.

Сонымен қатар ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дене тәрбиесімен шұғылданатын тұрғындар санын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауылдық, кенттік округ әкімдерімен, аудандық білім бөлімімен және аудандық, облыстық спорт мектептерімен бірлесе отырып жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дене тәрбиесімен шұғылданатын тұрғындар санын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауылдық, кенттік округ әкімдерімен, аудандық білім бөлімімен және аудандық, облыстық спорт мектептерімен бірлесе отырып жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 6 айында кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

        Атап айтқанда ағымдағы жылы:

  1. 24 қаңтар күні шаңғы спортынан Алматы облысының чемпионатына іріктеу жарысы;
  2. 25 қаңтар күні Ұзақ батыр ауылдық округінде командалық көкпар;
  3. 8 ақпан күні аудан тұрғындары арасында қысқы денсаулық фестивалі;
  4. Ақпан айының 12-14 күндері шаңғы спортынан Алматы облысының чемпионаты Сарыжаз ауылында өткізілді;
  5. 20 наурыз күні Ұлттық спорт күніне орай Асық ату және бесасық ойыны;
  6. 21-22 наурыз күндері Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай арқан тартыс, қол күрес, қошқар көтеру, асық ату, батпан көтеру жарыстары;
  7. 28 наурыз күні ауылдық округтер арасында Үстел теннисінен   жарыс өткізілді;
  8. 15 сәуір және 15 мамыр аралығында Футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі спорт түрлерінен «Алатау-лигасы 2025» ойындары өткізіліп облыстық жарысқа командалар іріктелді;
  9. 30 сәуір күні Райымбек ауданының жасөспірімдер арасында өткізілетін көктемгі кросс жарыс өткізілді;
  10. 11 мамыр күні Ұлттық спорт «Бәйгеден» Райымбек-Кеген ауданының арасында жарыс өткізілді;
  11. Ұлы Отан соғысының 80 жыл толуына орай аудан көлемінде Шағын футбол, үстел теннисі, көктемгі кросс, бокс, еркін күрес, шахмат, дойбы жарыстары өткізілді;
  12. 2025 жылғы мамыр айының 29 күні Қарасай ауданында өткен Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасындағы XVІІ спартакиадаға Райымбек ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған құрама командасы жүлделі 2-орынды жеңіп алып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

2025 жылғы екінші жартысында аудан көлемінде айтыскер ақын О. Досбосыновтың 50жылдығына, ақын Е. Ібітановтың 90жылдығына, Н. Тілендиевтің 100 жылдығына орай спорт түрлерінен жарыстар өткізу жоспарда бар.

 

Материалдық-техникалық база бойынша

   Райымбек ауданы бойынша 2025 жылы спорттық нысандардың жалпы саны- 108.                  

Оның ішінде:

- 4 Дене шынықтыру және сауықтыру кешені;

- 3 спорт кешені;

- 1 спорт мектебі;

- 56 жазықтық құрылғылар; 

-33 алаңдар (поля). ( Оның 3-і дене шынықтыру спорттық мәндегі, 20-сы жалпы білім беру мекемелерінде, 10-ы спорт мектебінде).

- 47 спорт зал (1-БЖСМ, 25-жалпы білім беру мекемелерінде,             22-спорт мектебінде) қызмет көрсетеді.

                               Спорт мектебі бойынша

   Ағымдағы жылы  Райымбек  ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде мектеп жасындағы оқушылармен ауданымыздың барлық ауылдық елді мекендерінде 51 - жаттықтырушы спорттың  10 түрінен яғни, Еркін күрес, Грек-рим күресі, Дзюдо, Бокс, Волейбол, Футбол, Баскетбол, Жеңіл атлетика, Қазақ күресі,Тоғызқұмалақ топтарында дәріс береді.  Барлығы 116 топта 1316 спортшы жүйелі түрде спортпен шуғылданады. Спорт мектебінде 51 жаттықтырушының (олардың жоғарғы білімдісі – 46, орта арнаулы білімді-5) 23  штаттық,                       18 қосымша жұмыс жүргізеді.

     Спорт кешендері заманауи талаптарға сай, тренажер, ойын залдары алаңдарымен және де бокс, күрес залдарымен қамтылған. Қазіргі таңда спортпен айналысуға барлық мүмкіншіліктер жасалған.

     Жалпы  спорт кешендерінде Республикалық, облыстық, аудандық іс-шаралар өтуде бұл өз кезегінде аудан халқының спортқа көзқарасын арттырып өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырады.

   Ағымдағы жылы аудан спортшылары 17 - облыстық,                                                  12– Республикалық, 1– Әлем чемпионаты, 3 – Азия чемпионаты, 9-Халықаралық жарысқа қатысып, 48 жүлделі орынға қол жеткізді.

   Атап айтқанда аудан спортшылары 27 - І орын, 9 - ІІ орын,12  - ІІІ орын иегерлері атанды.

   Сонымен қатар төмендегі спортшылар жоғары жетістікке қол жеткізді.

  1. Қасымхан Толғанай - 2025 жылдың мамыр айында Шри-Ланканың Коломбо қаласында бокстан өткен ASBC Азия чемпионатына қатысып, бас жүлдеге қол жеткізіп, 3-дүркін Азия чемпионы атанды.
  2. Оңғарбек Айару – сәуір айында Иордания мемлекеті Амман қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында жарысында күміс жүлдеге ие болды.
  3. Бекбосын Алихан – ағымдағы жылдың мамыр айында Шымкент қаласында өткен бокстан «Shymkent Cup», Республикалық жарысқа қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды.
  4. Баскетболдан –ағымдағы жылдың сәуір айында Қонаев қаласында өткен 3Х3 U-12 ұлдар арасында Райымбек ауданының командасы жүлделі 1-орынға ие болды.
  5. Жеңіл атлетикадан – ағымдағы жылдың сәуір айында Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылында өткен Алматы облысының чемпионатында 16-алтын, 5-күміс, 1-қола медаль алып, командалық есепте 1 орынға ие болды.
  6. Волейболдан - ағымдағы жылдың ақпан айында Қарасай ауданында өткен Алматы облысының чемпионатында Райымбек ауданының ұлдар командасы 1 орынға ие болды.
  7. Бокстан - ағымдағы жылдың қаңтар айында Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында өткен Алматы облысының чемпионатында Бекбосын Алихан 1-орын, Көмекұлы Айбат-3 орынға ие болды.
  8. Еркін күрестен – ағымдағы жылдың қаңтар айында Қонаев қаласында өткен жастар менжасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионатында, Құтел Жұлдыз-күміс, Қасымхан Ботакөз-алтын, Бақберген Нұрсұлтан-алтын, Жұмабай Арнур-қола медальға ие болды.
  9. Бокстан – ағымдағы жылдың ақпан айында Шымкент қаласында өткен кіші жасөспірім қыздар арасында ҚР чемпионатында Оңғарбек Айару – «Алтын медаль», Тұрғанбай Маржан «Қола медальға» ие болды.
  10. Уналбаев Кенжебек – 2025 жылдың ақпан айында Қырғыстан мемлекетінде өткен грек-рим күресінен ардагер-спортшылар арасында Республикалық ашық чемпиоанатында белдесіп 1 орынға ие болды.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» бойынша 122 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

 

 

 

Дата публикации
23 июля 2025