ХАБАРЛАНДЫРУ
Қоғамдық тыңдау жиынның шешімі
Алматы облысы Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылдық округіне қарастыСарыжаз ауылының орталығында орналасқан атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Қамырұлы Қанатай көшесі деп атау беру туралы 2025 жылдың 14 шілде күні жергілікті қоғамдастық жиынының мүшелері мен тұрғындардың жалпы жиналысы өтіп, оған барлығы 41 адам қатысты. Жиынның қорытындысы бойынша Сарыжаз ауылының орталығында орналасқан атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Қамырұлы Қанатайкөшесі деп атау беру туралы шешім қабылданып, облыстық онамастика комиссиясына жолданды.
Сарыжаз ауылдық округі әкімінің аппараты.