ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы тамыз айының 11-і күні сағат 15-00-де Райымбек ауданы, Сүмбе ауылындағы  мәдениет үйінде Сүмбе ауылдық округіндеорналасқан атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагеріКөшкінбай Текесбаевтың есімін беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Байланыс телефондары:  87277925501, 87277925442.

Сүмбе ауылдық округі әкімі аппараты.

 

Көшкінбай Текесбаев -1917 жылы Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Сүмбе ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Кеңес Одағы армиясына Кеген ауданының әскери комиссариатынан шақырылған. Алдымен Фин соғысында, кейін Екінші дүниежүзілік соғыста шайқасты. 1943 жылы ауыр жарақатына байланысты (свидетельство о болезни №109/102 при о/г 2468 27.01.1943) әскерден босатылған.  Көшкінбай ТекесбаевІдәрежелі «Отан соғысы» орденінің иегері. Сталинград майданындағы ерліктері үшін бірнеше медальдермен марапатталған. Соғыстан кейін    Жаңа-Тоған ауылында есепші болды. 1953 жылдан бастап Нарынқол аудандық тұтынушылар коорперативінде қызмет етіп, 1977 жылы зейнетке шыққан. 1998 жылы қайтыс болды.

Дата публикации
14 июля 2025