ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы тамыз айының 11-і күні сағат 15-00-де Райымбек ауданы, Сүмбе ауылындағы  мәдениет үйінде Сүмбе ауылдық округі Сүмбе ауылының шығысындаорналасқан атауы бар көшеге Ұлы Отан соғысының ардагеріКәдірахман Бестібаевтың есімін беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Байланыс телефондары:  87277925501,  87277925442. Сүмбе ауылдық округі әкімі аппараты.

 

Кәдірахман Бестібаев- 1922 жылы 01 шілдеде Сүмбе ауылында дүниеге келді. Осы ауылда алғаш 7 жылдық, кейін 11 жылдық сыныпты бітіріп, алғашқы еңбек жолын Сүмбе ауылында қарапайым колхозшы болудан бастады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Бестібаев Кәдірахман қолына қару алып, майдандық армиялар қатарынан табылды. 1942 жылы наурыз айында Нарынқолдағы әскери комиссариат арқылы әскерге алынып, Алматыда жасақталған 191-ші дивизияның 509-шы полкінің құрамында Жамбыл Жабаев атасының батасын алып, неміс-фашист басқыншыларына қарсы Отан қорғау шайқасына аттанады. Минометчик болып Волхов, Калинин, Сталинград майдандарында және Ленинград қаласын қорғауда жаумен шайқасты. Ресейдің Большое Воровичье, Мелол қалаларын, бірнеше деревниялар мен темір жол станцияларын жаудан азат етуге қатысты. 1943 жылы екінші дүниежүзілік соғыс тарихында аты қалған Синьябин биіктігін алуда болған алапат шайқаста ауыр жараланып Воробичье қаласының № 2547- ші әскери госпиталында 8 ай емделді. 1943 жылдың аяғында III топтағы мүгедектікпен елге оралды. 1945-1947 жылдары Қырғызстандағы малдәрігерлік техникумын оқып, мал дәрігері мамандығын алды. 1948 жылдан бастап зейнеткерлікке дейін Абай атындағы совхозда мал дәрігері болып аудан және шаруашылық экономикасын дамытуға өзіндік үлесін қосты. 2016 жылы Сүмбе ауылында  қайтыс болды.

Дата публикации
14 июля 2025