Алматы облысы Райымбек ауданының әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

Алматы облысы Райымбек ауданының әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес,  2025 жылғы 16 маусымдаРайымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  2025 жылғы 3 тамызға  Алматы облысы Райымбек ауданының әкімінің сайлауын тағайындады.

Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, шекаралары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және «Хантәңірі» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 24 учаскелік сайлау комиссиялары, 149 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Райымбек ауданы  бойынша сайлаушылар саны 19398  адамды құрайды.

2025 жылдың 17 маусымнан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, облыс әкіміне тиесілі.

2025 жылдың 3 шілдесіндегі жағдай бойынша 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 3 шілдеде сағат   18:00-де аяқталды.

 

Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 июля 2025