РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛУҒА КАНДИДАТТАРҒА АРНАЛҒАН ХАБАРЛАМА

 РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛУҒА КАНДИДАТТАРҒА АРНАЛҒАН  ХАБАРЛАМА

       2025 жылғы 3 тамызда Алматы облысы Райымбек ауданының әкімін сайлау өтеді. Әкімді Қазақстан Республикасының  сайлау туралы, жергілікті меслекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама тараптарына жауап беретін 25 жастан асқан Қазақстан Республикасының  азаматтары қатарындағы Райымбек ауданының халқы 4 жыл мерзім қызметке сайлайды. Кандидаттарды ұсыну құқығы өз мүшелерінің арасынан белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға (саяси пратия бір сайлау округінен бір ғана кандидат ұсынуға құқылы), өзін- өзі ұсыну тәртібімен азаматтарға, бұл ретте оларға тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайызы қолдау көрсетуі  тиіс. Өзін-өзі ұсыну кезінде үміткер келесі құжаттарды ұсынады: азаматтың өтініші, кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары, мемлекеттік қызмет саласындағы талаптарға сәйкестігін тексеру үшін қажетті құжаттар, 5 ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасының еңгізілгенін куәландыратын құжат. Саяси пратиядан кандидат ұсынынылған жағдайда да саяси партияның тиісті филиалының, өкілдігінің жоғарғы басшы орган отырысының хаттамасынан үзінді, адамның саяси партияда мүшелігін растайтын құжат.

Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.

Дата публикации
27 июня 2025