Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы шілде айының 14-і күні сағат 15-00-де Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылы, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы орта мектептің акт залында Сарыжаз ауылының оңтүстік-батысындағы атауы жоқ көшені Ұлы Отан соғысының ардагері Мухамадиев Нурмолдакөшесі деп атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
Байланыс телефондары: 87277926390,87277926355
Сарыжаз ауылдық округі әкімінің аппараты.
Мухамадиев Нурмолда 1918 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылында дүниеге келген.
1941 жылы 23 жасында Ұлы Отан соғысына шақырылып, Отар станциясында бір айлық әскери дайындықтан өтіп, майдан шебіне аттанады. Сол уақыттағы соғыстың «ыстық нүктесі» Украина маңында қорғаныста болады. Латвияны, Литвияны, Эстонияны азам етуге қатысып, соғыстың аяғына дейін майдан шебінде болады. 1945 жылы Ұлы Жеңісті Латвияның Рига қаласында қарсы алады.Соғыстан кейін Сарыжаз селолық кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған.1990 жылы қайтыс болды.