ХАБАРЛАНДЫРУ

     Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы шілде айының 14-і күні сағат 15-00-деРайымбек ауданы, Сарыжаз ауылы, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы орта мектептің акт залында Сарыжаз ауылыныңорталығында орналасқан атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагеріҚамырұлы Қанатайкөшесі деп атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Байланыс телефондары:  87277926390,87277926355.

Сарыжазауылдық округі әкімінің  аппараты.

 

Қамырұлы Қанатай   1924 жылы 24 маусымда  Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Қарасаз орта мектебінің  9 сыныбынан кейін,  Нарынқолда 3 айлық мұғалімдер даярлайтын курсты бітіріп, Сүмбе ауылындағы орталық мектепке  математика пәнінен  мұғалім болды 1942 жылдың күзінде армияға шақыртылып, соғысқа аттанады. 58 мехполкта 1378 атқыштар полкінде Латвия, Эстония, Польша,Украинаны азат етуге қатысты. Бірінші Белорус майданында атақты Жуков басқарған армия қарауындағы атқыштар девизиясы құрамында соғысты. Соғыс кезінде екі рет жараланды. 1945 жылы жеңісті қарсы алып Германияның Грабов қаласында оккупационный Армияда болды, 1946 жылы елге аман – есен оралды. 1946-1955 жылдар аралығында Қақпақ, Киров, Сүмбе, Сарыжаз орта мектептерінде физика – математика пәнінен мұғалімдік қызмет атқарды.1955 -1966 жылдар аралығында  Энгельс, Киров, Калинин колхоздарында бөлімше меңгерушісі, бас зоотехник қызметін атқарған.

1966 -1988  жылдар аралығында «Коммунизм» колхозының  төрағасы, Киров атындағы колхозда басқарма басшысы, Текес  селолық  Кеңесінің төрағасы болыпаеңбек етті. Зейнетке шыққаннан кейінде Көмірші ауылында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

          Ұлы Отан соғысы кезінде  «Ерлігі үшін» медалімен, Ұлы Отан соғысының II дәрежелі ордені , еңбек еткен жылдары «Құрмет белгісі» орденінің  1,2,3 -ші дәрежелі ордендерімен, «Еңбек Даңқы»  медалымен  наградталған. Райымбек ауданының Құрметті азаматы, облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер. Сарыжаз ауылында 2021 жылы 97 жасында  қайтыс болды.

Дата публикации
12 июня 2025