Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы шілде айының 14-і күні сағат 15-00-де Райымбек ауданы, Қайнар ауылы, ауылдықМәдениет үйінде Қайнар ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері ӘлғожаТілепбердиевтің есімін беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
Байланыс телефондары: 87277925600, 87277925750.
Қайнар ауылдық округі әкімі аппараты.
Тілепбердиев Әлғожа -1924 жылы 4 мамырда қазіргі Қайнар ауылының таулы учаскесі Қаратауда дүниеге келген. 1943 жылдың мамыр айында Кеген аудандық соғыс комиссариатынан майданға алынды. Тастақ селосында орналасқан «108-ші» полкке жіберілген. Ол жерден тағы горнизондық комиссия, оқу- жаттығуға Ташкент қаласындағы 132-ші артполкке жіберген. 132-ші артполкте артерелия бөлімінде оқып, жаттығып көздеуші деген мамандық алып, 1944 жылы осы жерден соғысқа аттанған.1945 жылдың қараша айында жарақатына байланысты 2-ші топтағы мүгедек болып елге оралды. 1945-1967 жылдары Алғабас, Ленин, Киров, Калинин, Карл Маркс, Крупская, Абай атындағы колхоздарда, өз білімін үздіксіз көтере жүріп бас есепші, экономист болып жұмыс істеп, ел экономикасын көтеруге өз үлесін қосты.1973-1985 жылдары Крупская атындағы колхозда бас экономист болып қызметатқарып зейнеткерлікке шыққан. 2002 жылы 10 қазанда қайтыс болды.